Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында көп жылғы адал еңбегі мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы филиалының ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нұсқаушысы Қанат Қарашаш марапатталды.
Марапатты Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова табыстады.
Қанат Қарашаштың еңбек өтілі – 52 жыл, кәсіподақ ұйымдарында – 31 жыл.
Ол алғаш рет 1975 жылы кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланды, теміржолдың сигнализация және байланыс дистанциясының инженері лауазымында жұмыс істеді. 1985 жылы оны “Облколхозстрой” тресінің Біріккен кәсіподақ комитетінің төрағасы, ал 1986 жылдан бастап кәсіподақ саны 25 мың адамнан асатын агро-өнеркәсіптік кешен қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитеті төрағасының орынбасары болып сайлайды. 2013 жылдан бастап ол Павлодар облысы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нұсқаушысы лауазымында жұмыс істейді.
“Еңбек адамдарына көмек көрсету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, лайықты еңбекті, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және насихаттау – Қанат Жантемірұлы жұмысының негізгі бағыттары болып табылады”, – деп атап өтті марапаттау кезінде салалық кәсіподақ филиалының төрағасы П.Сурма.