Еселі еңбегі еленді

Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 9 сессиясында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік марапаттар тапсырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Мақсұт Ыбрайханұлы Нәлібаев «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, Қызылорда облыстық мәслихатының VIІ шақырылымының депутаты.