Кәсіподақ өкілінің елеулі еңбегі атап өтілді

2021 жылғы 13 желтоқсанда Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Айткенов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюына, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты депутаттар тобын Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және ведомстволық наградалармен марапаттады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталғандардың арасында Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Динара Айтжанова марапатталды.