Арал ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында ауыл шаруашылығы саласының бірқатар қызметкерлері салалық кәсіподақтың марапаттарымен марапатталды.
Кездесуге «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Толыбай Жүсіпов қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі Серік Сермағамбетов сала қызметкерлерін ел Тәуелсіздігі күнімен құттықтап, егемендік жылдарындағы аудан жетістіктерін атап өтті.
Ауыл шаруашылығында жылдар бойы еңбек етіп, саланың дамуына және кәсіподақ жүйесінің нығаюына елеулі үлес қосқан сала ардагерлері мен кәсіподақ белсенділері «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» республикалық бірлестігінің «Құрметті ардагер», «Елеулі еңбегі үшін», «Еңбек даңқы»медалдерімен марапатталды.