«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ-де тәуелсіздік құрдастарымен кездесу өткізіп, бірқатар кәсіподақ мүшелеріне наградалар табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамотасымен» «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы» КММ іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Алтынай Исембаева, жобалау және ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің менеджер кеңесшісі Азамат Құрманәлі және «Алғыс хатпен» әкімшілік бөлімінің персоналды басқару іс жүргізу маманы Гүлфира Сұлтанқұлова, жобалау және ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің менеджер кеңесшісі Салтанат Мырзаева марапатталды.