Үлкенге – құрмет

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және қалалық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының қолдауымен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ардагерлерінің қатысуымен Шымкентте ардагерлер арасында бильярдтан турнир ұйымдастырылды.

Оған Ардагерлер кеңесінің мүшелері және қалалық кәсіподақтар өкілдері қатысты. Сонымен қатар, мерекелік дастархан жайылып, қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді. Турнирге қатысқан ардагерлердің алдыңғы қатары 85 жаста болды.

Тастаяқтан өткен сайыста «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев бақ сынады. Қатысушылар алдымен бірнеше топқа бөлініп, бір-бірімен кездесті. Сол сындарда жоғары ұпай жинағандар келесі айналымға өтті. Осылайша қарсылас шыдатпағандар жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі қала ардагерлерімен тығыз байланыс орнатқан. Мерекелік турнирде қайтадан өзара ынтымақтастық пен бірлікті танытты.