1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңға қол қойды. Бұл оқиға Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде Конституциялық ресімделуін түбегейлі аяқтады, жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігінің бастауы болды. Әлем картасында Тәуелсіз Мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болған уақыттан бастап тура 30 жыл. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу бүкіл қазақстандық қоғам үшін маңызды мәнге ие, қазақстандықтардың санасында Тәуелсіздік құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.
Мереке қарсаңында “№1 Павлодар қалалық ауруханасы” ШЖҚ КМК базасында коронавирустық инфекция бойынша эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып, Павлодар облысының медицина қызметкерлеріне жоғары наградаларды тапсыру салтанатты рәсімі өткізілді. Онда “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалы денсаулық сақтау саласындағы еңбегі, белсенді және жемісті жұмысы үшін денсаулық сақтау қызметкерлерін төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен атап өтті.
“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ Павлодар облыстық филиалының төрайымы С.Төлегенова салтанатты іс-шарада Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Ситказиновқа жемісті ынтымақтастығы, денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша сенімді серіктестігі үшін алғыс білдірді.
“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ төсбелгісімен “Павлодар қалалық № 1 ауруханасы” ШЖҚ КМК травматолог-ортопед дәрігері Ибраев Азамат Дәулетұлы, “Павлодар қ. № 4 емханасы” ШЖҚ КМК Балалар невропатологы Смаилова Нұргүл Капсаттарқызы, “Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы” ШЖҚ КМК фельдшері Зайцева Елена Васильевна марапатталды.
Кәсіподақ мүшелеріне қиын өмірлік жағдайға тап болған денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін қолдау шеңберінде 7 қайырымдылық сертификаты берілді.
“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ және Павлодар облыстық филиалының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен денсаулық сақтау жүйесінің 28 жұмыскері марапатталды, барлық марапатталғандарға сыйлық сертификаттары берілді.