Қазақстанның кәсіподақтары Тәуелсіз Қазақстанның құрылу жылдары еңбекшілердің заңды өкілдері ретінде, әрқашан саяси және әлеуметтік тұрақтылық, ұлтаралық бейбітшілік пен келісім, қарапайым еңбек адамының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін атсалысып келеді.
Облыстағы кәсіподақ ұйымдарының құрамын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде БҚО кәсіподақтар орталығы 10 салалық және 14 жергілікті, 1000-ға жуық бастауыш кәсіподақ ұйымдарын және 73000-нан астам кәсіподақ мүшелерін біріктіріп отыр.
Салтанатты шараға облыстағы және аудандардағы кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері, әлеуметтік әріптестер, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен кәсіподақтар ұйымдары қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында өңірдегі кәсіподақ белсенділері, әлеуметтік әріптестер Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының мерекелік медальдарымен, Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаттарымен, салалық кәсіподақ ұйымдары республикалық қоғамдық бірлестіктері төрағаларының мерекелік медальдарымен, Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен, Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы төрайымының алғыс хаттарымен марапатталды.