Кәсіподақ белсенділерінің елеулі еңбегі атап өтілді

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебінің акт залында салтанатты жиын өткізді. Жиынға салалық кәсіподаққа қарасты барлық білім мекемелерінің белсенді кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ төрағалары қатысты.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Жандос Шайдулла қатысушыларды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап, кәсіподақ белсенділеріне Қазақстан Республикасы Білім министрінің “Құрмет грамотасын” , Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Құрмет грамотасын» табыстады.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан қалалық комитетінің төрағасы Диана  Тұрманова жиынға қатысушыларды ерекше ықыласпен құттықтап, білім саласында қызмет атқарып жүрген белсенді 24 кәсіподақ мүшесін марапаттады.

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан қалалық комитетінің кеңесшісі Гүлжан Әсілбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» ҚБ бірлескен «Құрмет грамотасын» 20 белсенді кәсіподақ мүшесіне табыстады.

Оқушылардың ұйымдастырумен өткен мерекелік концерт жиынның көркін аша түсті.