Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Павлодар облыстық сотымен өзара іс-қимылының қорытындысы шығарылды

2018 жылғы 29 наурызда Павлодар облыстық соты мен “Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ арасында  Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 3, 2а мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуласу орталығында еңбек дауларын сотқа дейінгі қарауды көздейтін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, онда татуласу рәсімдерін өңірдің барлық азаматтары үшін кәсіподаққа мүшелігіне қарамастан өтеусіз негізде кәсіби медиаторлар жүргізеді.

Кәсіподақтардың татуласу орталығы жұмысының негізгі бағыты медиация рәсімін өткізу және еңбек дауларының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы еңбек дауларын шешу болып табылады.

Кәсіподақ қоғамдық бірлестіктері құрылмаған, келісу комиссиясы жоқ микрокәсіпкерлік субъектісінің кәсіпорындарында жұмысты орындайтын жұмыскерлер, әсіресе бұған мұқтаж.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуласу орталығында жұмыс істеген үш жыл ішінде сотқа жүгінбестен сотқа дейінгі тәртіпте кәсіби медиатордың қатысуымен Медиация туралы 710-нан астам келісім жасалды.

Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Павлодар облысы соттарының судьялары келісім комиссияларының мүшелерін оқыту бойынша семинарлар өткізуге, азаматтарды бірлескен онлайн-қабылдаулар, медиацияның артықшылықтары туралы дөңгелек үстелдер өткізуге, қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіруге, бірлесіп өткізілетін тікелей эфирлерге белсенді қатысады, жаңа жоба – кейстік жағдайларды талдау бойынша “Теориядан-практикаға” тақырыбында семинар-тренингтер өткізуге қолдау көрсетті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Алғыс хаттарымен Павлодар облысы соттарының жиырма бір судьясының қосқан үлесі, Медиацияны дамыту және еңбек дауларының алдын алу бойынша бірлескен жұмыс атап өтілді.

2021 жыл мерейтойлық жыл болды – Қазақстан Республикасының “Медиация туралы” Заңының қабылданғанына және күшіне енгеніне 10 жыл толды.