Тәуелсіздік күні қарсаңында марапаттар табысталды

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті. Жиында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі құттықтау сөз сөйлеп, ел экономикасының өсуі мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына, кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан бірқатар еңбеккерлерді марапаттады.

Сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық қызметте өз лауазымдық міндеттерін жоғары кәсібилігімен атқарып жүрген Түркістан облыстық комитетінің бірқатар кәсіподақ белсенділері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Құрмет грамоталарымен марапатталды.