Хромтауда ұстаздар марапатталды

Хромтау ауданының білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел бақыты» атты салттанатты жиын өтті. Мерекелік шараға саналы ғұмырының 30 жылын шәкірт тәрбиесіне арнаған ұстаздар мен Тәуелсіздік құрдастары қатысты. Жиынға қатысушыларды аудандық білім бөлімі басшысының м.а. Н.Калниязова және аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Аканова мерекемен құттықтап, облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы мен аудандық білім бөлімі және кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарын және сыйлықтар табыстады. Тәуелсіздік құрдастары Хромтау ауданы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Жалпы мерекеге орай аудандағы білім беру ұйымдарының 50 педагогы мен 80 кіші қызметкері марапатқа ие болды.

Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.