Қарт ұстазға құрмет көрсетілді

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев білім саласының ардагері Нұрабаева Сара Нұрабайқызын торқалы 85 жасқа толуымен құттықтап, қарт ұстазға зор денсаулық тіледі.

Облыстың Сырдария ауданындағы №129 Жәмішов атындағы орта мектебі зейнеткер ұстазы Сара Нұрабайқызы – Еңбек және тыл ардагері, Батыр Ана. Қарт ұстаз кәсіподақ белсенділерін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесімен құттықтап, өсиетті тілегін білдірді.