Ауданда кәсіподақ үздіктерді құттықтады

Егемен еліміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Мұғалжар ауданының педагогтары зор құрметке ие болды. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен және кәсіподақ ұйымының демеушілігімен мерекеге орай “Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздікке – 30 жыл” атты салтанатты шара өткізілді.

Салтанатты шараға аудан әкімі А.Шериязданов қатысып, білім қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Сала үздіктеріне «Тәуелсіздікке – 30 жыл» мерекелік медалі табысталып, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Білім саласында 30 жылдан бері қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздар мен білім мекемелерінің қызметкерлері аудан әкімінің Алғыс хатымен, облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Марапат иелеріне бағалы сыйлықтар табысталды.

Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.