Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев «Байланыс және телекоммуникация қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалының төрайымы Нина Изюмованы 70 жасқа толуымен құттықтады.
Изюмова Нина Викторовна 1951 жылы 29 қарашада Ресейдің Инза қаласында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген Нина Викторовна еңбек жолын 1968 жылы Қызылорда қалалық байланыс орталығының пошта-телеграф станциясында телеграф операторы болып бастаған. Салада кәсіподақтар жүйесіндегі белсенді қызметін 1981 жылы телекоммуникация орталығы кәсіподақ ұйымының төрайымы болып сайланғаннан бастап жалғастырып келеді. Кәсіподақ ардагеріне мерекелік салтанатты жиынға жиналған барша кәсіподақ белсенділері құрмет-ілтипаттарын білдірді.