Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы” ҚБ және “Жергілікті Екібастұз көмір кәсіподағы” ҚБ кәсіподақ ұйымдарының құрамына кіретін “Богатырь Көмір” ЖШС шахтерлері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының наградаларымен марапатталды.
Кәсіподақ қозғалысын дамытуға, еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін Назымбек Бейсембаев, Виктор Алексеев, Владимир Михайличенко, Владимир Лепетень, Виталий Кобыльченко Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Алғыс хатымен Андрей Ярыгин, Виктор Зуй, Владимир Дементьев, Александр Бочаров, Арман Қайдаров марапатталды.
“Тәуелсіздік күні – еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі. Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойын атап өтеміз. 30 жыл бұрын біздің еліміз бірлік пен өркендеудің символына айналып, Тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Қазақстан қарқынды дамып келеді және әлемдік сын-қатерлерге қарамастан, біз еңбектенуді, дамуды, алға ұмтылуды жалғастырудамыз. Алдымызда көптеген бастамалар мен жетістіктер бар! Осы айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және бақытты өмір тілеймін!”, – деді кеншілерді құттықтау сөзінде “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Сергей Михайлюк.