Қарағанды облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты үйлестіру кеңесі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақтар үйінің шаңырағының астында барлық салалардың бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен еңбек ұжымдары өкілдерінің, сондай-ақ әлеуметтік әріптестердің қатысуымен салтанатты Үйлестіру кеңесі өтті.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – Қазақстан халқы үшін маңызды оқиға, оның қазақстандық мемлекеттіліктің дамуына елеулі ықпал еткен ерекше тарихи мәні бар. 30 жыл ішінде Қазақстан орнықты мемлекеттік институттары бар және экономикасы бәсекеге қабілетті кемел демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Әлемдік сауда-экономикалық жүйеге толықтай кірігіп, өзін сенімді серіктес ретінде көрсете білді. Көпвекторлы және теңдестірілген сыртқы саяси бағыты бар беделді және тұрақты мемлекет ретінде халықаралық аренада нығайтылды.

«Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Болат Жұмабеков салтанатты іс-шараға қатысушылардың барлығын шын жүректен құттықтап, кәсіподақ белсенділерін марапаттармен марапаттады.