ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!

ҚР Кәсіподақтар федерациясы және өз атымнан Сіздерді еліміздің ең ұлы мерекесі, асқар асуымыз Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен, осыдан отыз жыл бұрын ғана қолымыз жеткен Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ.

Азаттықты аялау, оны бағалай білу мен тәуелсіздіктің тұғырын биіктету бүгінгі және өскелең ұрпақтың басты міндеті.

Алға қойған мақсаттары биік, міндеттері зор, арманы асқақ, талабы таудай жас мемлекетіміз егемендігін алған кезден бастап, Елбасының жүргізген сарабдал саясаты мен көрегендігінің арқасында бүкіл дүние жүзі мойындаған елге айналды.

30 жыл ішінде еліміз бағындырған биік белестер мен асқан асуларында, қол жеткізген жетістіктерінде Сіздердің әрқайсыларыңыздың адал еңбектеріңізбен айшықталған қолтаңбаларыңыз бар.

Сіздер Еңбек адамы ретінде қай салада болсын ел игілігіне қызмет етіп келесіздер. Қоғамдағы барлық игілік адамның қажыр-қайратымен жүзеге асырылады.

Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Ұлы даламызда көк байрағы желбіреген, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы атынан Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесінде Сіздерге береке-бірлік, жасампаз еңбек,толағай табыс,зор жетістіктер тілеймін!

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәулеталин