Кәсіподақ активіне мерекелік құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы кәсіподақ қозғалысының белсенді қатысушыларын салтанатты құттықтауды ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатымен «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Әлеуметтік төлемдерді тағайындау секторының меңгерушісі Лариса Харитонович марапатталды.

«ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен бірқатар кәсіподақ белсенділері марапатталды.