Кәсіподақ Тәуелсіздік құрдастарын құттықтады

Әр ұлт, әр халық үшін Тәуелсіздіктен артық, қасиетті де қымбат ештеңе жоқ.

Егемендік алған тұста шаңырақты шаттыққа бөлеп дүниеге келген Тәуелсіз елдің құрдастары үшін бұл шынайы бақыт.

Тәуелсіз елде өмірге келіп, жасампаз мемлекетпен бірге жетілген жастарды Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымы назардан тыс қалдырмады. Кәсіподақ ұйымының төрағасы оқу орнында еңбек етіп жүрген Тәуелсіздік құрдастарын мерекемен құттықтап, алғыс хат табыс етті.

Сонымен қатар, мерекеге орай білім ошағында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Педагогтар үстел теннисі, шахмат, дойбы, дартс ойынынан сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.

Сонымен қатар, “Ақтөбе рельс-арқалық зауыты” серіктестігінің бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелері облыстық қан орталығына барып, донор болды.

Зауыттың 40 жұмысшысы өз еріктерімен қан тапсырды. Іс-шараға бастауыш кәсіподақ ұйымы мұрындық болды.

“Зауыт еңбеккерлерінің бұл шараны ұйымдастырудағы мақсаты – халықтың денсаулығына үлес қосып, науқастардың сауығып кетуіне қолдан келгенше көмектерін көрсету”, – деп атап өтті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ақниет Алданазаров.