Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай марапаттау рәсімі өтті

Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған марапаттау рәсімі өтті.

Басқарма басшысы  Игілік Әубәкіров жиынға қатысушыларды және ұжымды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, еліміздің тұрақты дамуы мен кемелдену жолындағы еңбектеріне табыс және сәттілік тілеп, өз атынан «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұжымына, Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының ұжымына, «ССЕР» команиясының 15 жылдан бері техникалық қызметкері Жұмағыз Қошшықызына, «Доссормұнайгаз» Басқармасының 37 жылдан бері мұнай-газ өндіру операторы Оңберген Дүйсенбайұлына «Алғыс хат» пен сыйлықтар табыс етті.

Сондай-ақ, еліміздің дамуына үлес қосып, еңбектерін жоғары дәрежеде танытып отырған еңбек инспекторларын Басқарманың және Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарының «Алғыс хатымен» марапаттады.