Шымкентте Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Салалық кәсіподақтар және бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары мен мүшелерінің басын қосқан жиында аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев ашып берді.

Бауыржан Ілімшеұлы кәсіподақ мүшелерін ұлтымыздың ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, азаттық алған жылдар ішіндегі еліміздің толағай табысқа жеткендігін атап өтті. Сонымен қатар, Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіподақтардың жетістіктері мен атқарылған игі істерге тоқталды.

Салтанатты жиында ҚР Кәсіподақтар федерациясының, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және салалық кәсіподақтардың арнайы төсбелгілері мен Құрмет грамоталары табысталды.

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Манкент шипажайы» акционерлік қоғамы бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің басын қосты.

Салтанатты шара барысында Бауыржан Ілімшеұлы ҚР Кәсіподақтар федерациясы, «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы және аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің атынан кәсіподақ мүшелерінің жетістіктерін марапаттап, арнайы төсбелгілер және құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыстады.

Салтанаты жиналысқа шипажай басшысы Хамрақұл Азатұлы қатысып, мереке күні қарсаңында құттықтап келген Бауыржан Ілімшеұлына алғысын жеткізді.

Сонымен қатар, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай қала әкімі Мұрат Әйтеновтің және мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетовтің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастығы генерал-майор Қайсар Тасыбековтің Алғыс хатына ие болды.