ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының энергетиктер күнімен құттықтауы

Құрметті энергетика саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Энергетиктер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Энергетика экономикамыздың жетекші саласы ретінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, алда тұрған маңызды міндеттерді жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Бүгінгі күн саналы ғұмырын энергетика саласымен байланыстырған Еңбек адамына құрмет пен олардың жолын жалғап келе жатқан буынға дәстүр сабақтастығын жалғастыратын мереке.

Сіздер саналы ғұмырларыңызды таңдаған мамандыққа арнап, бай тәжірибелеріңіз , ерен еңбектеріңіз арқылы ел игілігі үшін ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрсіздер.

Әр шаңыраққа жылу мен жарық сыйлап жүрген Сіздерге ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан мерейлі мерекемен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, қажымас қайрат, толағай табыс тілеймін!

Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәулеталин