Павлодар облысының Ақсу қаласында “Жалын” жабық хоккей кортында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шайбалы хоккейден Турнир өтті.
Турнирге “Энергетик” Еуроазиялық энергетикалық корпорациясының, “Қазхром” ТҰК” АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының, “Металлург”, Екібастұз қаласының “Восточный” разрезінің командалары қатысты.
Бірінші орынды “Энергетик” Ақсу электр станциясының командасы, екінші орынды “Қазхром” ТҰК” АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының “Металлург” командасы, үшінші орынды “Восток” разрезінің командасы иеленді.