«Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешені» КММ қызметкерлері, оқу орнының студенттері және мектеп оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізілді.
Спорттық шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша білім ордасының ұстаздары жеңіске жетті. Екінші орынды тәрбиешілер олжаласа, оқушылар 3-орынға ие болды.
Жүлдегерлерге бастауыш кәсіподақ ұйымы тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.