Ақтөбеде енбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия жұмысын қорытындылады

25 қараша күні басталған “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн” науқаны өз мәресіне жетті.

Ақтөбе облысы әкімдігінде әйелдер ісі және отбасылық демография жөніндегі комиссия мүшелері, полиция департаментінің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» халықаралық акциясының жұмысын қорытындылады. Жасалған жұмыстар баяндалды, проблемалық мәселелер талқыланды, алдағы уақытқа жоспарлар бекітілді.