Кәсіподақ белсенділері марапатталды

«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты жиын өткізілді.

Жиынға «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бағлан  Қарашолақов, салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары, кәсіподақ мүшелері қатысты.

Жиын барысында кәсіподақ қозғалысына белсенді үлес қосып жүрген салалық кәсіподақ мүшелері марапатталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары  Клавдия Сапожникова «Шапағат» медалімен наградталды.

Сондай-ақ, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Ерлан Сарүзенов, Дүйсеналы Бықыбаев, Асанбек Наурызбаев, Берекет Салық, Мадияр Самбетов,  Бақтияр Қараулов марапатталды.

Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен Ерұлан  Мағзымбеков марапатталды.

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Құрмет грамотасымен Бауыржан Алпысбаев, Аблайхан Сарсенов, Жанарбек Рахимов, Ернар  Тәжібаев марапатталды.