Қоғамдық ұйымдардың өкілдері ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесті

Павлодар облысының қоғамдық ұйымдарының өкілдерінің Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасың Парламент Мәжілісінің депутаттары Ш.Осин, М.Кулшар және С.Решетников 2021 жылғы 20 желтоқсанда Достық үйінде Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен, облыстың осы мәдени бірлестіктерінің жастарымен, Қазақстан халқы Өңірлік Ассамблеясының белсенділерімен кездесті.

Іс-шараға Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Динара Айтжанова қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары қоғам өкілдерін мемлекет дамуының және заң шығару қызметінің өзекті мәселелерімен, жастарды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы таныстырды.

Депутат С.Решетников этносаралық қатынастарды нығайту және мемлекеттік тілді қолдау арқылы қоғамды топтастыру міндетін жандандыру қажеттігін атап өтті.

“Ұрпақтар сабақтастығын нығайту үшін жастармен жұмысты жандандыру қажет. Өз тарихын білетін халықтың болашағы бар. Бұл бізді рухани жағынан нәрлендіретін, дамуда алға жылжуға мүмкіндік беретін тамырлар. Себебі, тарихты білу, мәдениетті білу бізге жан-жақты дамыған адамдар болуға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті Сергей Решетников жастарға арнаған сөзінде.

Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар кездесуге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.