2021 жылғы 23 желтоқсанда “Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ филиалының төрағасы П.Сурма “Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ салалық кеңесінің отырысына қатысты.
Салалық кеңес кәсіподақ төрағасы Е.Каппельдің жұмысын қанағаттанарлық деп тани отырып, 2021 жылы атқарылған жұмыс туралы ақпаратын, тексеру комиссиясының төрағасы Д.Джузбаевтың салалық кәсіподақтың 2021 жылғы Қаржы-шаруашылық қызметін тексеру туралы ақпаратын назарға алды, салалық кеңестің құрамына жаңа кандидатуралар бекітілді.
Салалық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша 2022 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіподақ бірлестіктерінің алдында тұрған әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық бақылау, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру, құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша міндеттер айқындалды. Салалық кеңес мүшелері қоғамдық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізді.