«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшылығымен бірлесіп, «Облыстық жедел медициналық станциясы» КМК ұжымының медицина қызметкерлерінің (жүргізушілер мен диспетчерлердің) жалақысын түсіндіру мәселесі бойынша өткізілген жиынға қатысты.
«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы Гамаль Тоқсамбаев өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар мен эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етті. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына covid-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметкерлерге қосымша төлемдер бөлігінде соңғы рет өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ 2022 жылғы қаңтардан бастап жалақыны алдағы уақытта арттыру туралы мәселелермен таныстырды.
Жедел жәрдем ұжымымен кездесу барысында өздерін қызықтырған сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Кәсіподақтың атына ұжымдық шартқа қол қоюға қатысты мәселе келіп түсті. «SENIM» кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сұлтан Медеубаев ұжымдық шартқа қол қойылғанға дейін жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында міндетті түрде талқылануға тиіс екенін түсіндірді.
Жалақыны түсіндіруді талқылауға «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасарлары Бибігүл Төлегенова мен Айнагүл Суртыбаева, кәсіпорын директоры Зульфикар Әбілқасымов және кәсіподақ комитетінің төрағасы Жанар Акижанова қатысты.