Әлеуметтік әріптестік – даулы жағдайларды жедел шешудің кепілі

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабековтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Отырыста облыс ұйымдарының міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару жөніндегі істердің жай-күйі туралы, облыс кәсіпорындарының қызметкерлері алдында жалақы төлеу жөніндегі берешектің жай-күйі туралы мәселелер және облыстық үшжақты комиссияның 2022 жылға арналған отырыс жоспарын бекіту қаралды.

Отырыс барысында комиссия мүшелері Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне кәсіподақ ұйымдары мен Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығы өкілдерінің, сондай-ақ Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің қатысуымен облыс ұйымдарының міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аудару бойынша берешекті есептеу тетігі мәселесі бойынша бірлескен ұсыныстарды іздеу үшін дөңгелек үстел өткізуді ұсынды.

Отырыстың күн тәртібі бойынша ақпаратпен және мәселелерді талқылауда Ирина Любарская, Зәуреш Молдаева, Алданыш Адамбеков, Сергей Белкин, Владимир Быков және Құдайберді Оспанов сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Облыстық комиссия мүшелері «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ құрамына кіретін кәсіби Денсаулық клиникасын қамтамасыз ету және мәртебесі, сондай-ақ зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмысынан айырылған адамдардың денсаулығын қолдау және қалпына келтіру үшін Қарағанды өңірінде Республикалық Оңалту орталығын құру қажеттілігі мәселесіне өз алаңдаушылықтарын білдірді.

Соңында Болат Жұмабеков әлеуметтік әріптестік тараптарының өкілдеріне, облыстық комиссияның үйлестірушілеріне: бұрын – еңбек инспекциясы жөніндегі басқармаға және қазіргі уақытта – Қарағанды облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына күнтізбелік жыл бойы сапалы және жедел бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, кеңеске қатысушыларды келе жатқан жаңа 2022 жылмен құттықтап, денсаулық және әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамытуға, еңбек адамының өзекті мәселелерін шешуде зор денсаулық тіледі.