“Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ филиалының төрағасы П.Сурма “Павлодар облысының ветеринария басқармасы” ММ қызметкерлерін марапаттауға қатысып, кәсіподақ марапаттарын табыс етті.
“Павлодар облысының ветеринария басқармасы” ММ Қ.Байжановтың басшылығымен жануарларды аурулардан қорғауды және оларды емдеумен айналысатын 600-ге жуық адамды біріктіреді. Бірыңғай басқару және еңбекақы төлеу жүйесі Павлодар облысының ветеринария басқармасының құрылуымен мүмкін болды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, “Ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ және жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасында ветеринария қызметкерлері үшін әлеуметтік жеңілдіктер көзделген салалық келісім жұмыс істейді.