Жастар құқықтық мәдениетті талқылады

2021 жылғы 23 желтоқсанда Павлодар облысы білім беру басқармасының “ЖАС ҰРПАҚ” КМҚК тәрбиеленушілері үшін Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Павлодар қалалық сотымен бірлесіп “Жастарға медиация туралы” тақырыптық кездесу ұйымдастырды. Оған Павлодар қалалық сотының судьясы В.Шевченко және Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің “Татуластыру орталығының” басшысы М.Иванова спикер ретінде қатысты.

Медиация туралы айта отырып, спикерлер медиация ұғымы және “медиатор” мамандығы, медиация қандай дауларда қолданылады, медиация рәсімі және оның қағидаттары, “Медиация туралы” Қазақстан Республикасы Заңының нормаларымен реттелген Медиация туралы келісімге қойылатын негізгі талаптар туралы айтып берді, сотқа дейін кәсіподақтардың татуластыру орталығының жұмыс тәжірибесінен және сотта Павлодар қалалық сотының азаматтық істерін қарау практикасынан тараптардың татуласу мысалдарын келтірді.

“ЖАС ҰРПАҚ” КМҚК тәрбиеленушілері қазіргі уақытта Павлодар қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері болып табылады, оларды алда алғашқы жұмыс орны мен алғашқы еңбек шарты күтіп тұр. Спикер М.Иванова жастарға еңбек құқықтары мен міндеттері, жұмысқа қабылдау тәртібі, еңбек шартын ресімдеу, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттелген еңбек дауларын қарау тәртібі туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша спикерлер студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.