Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бастамасымен 2019 жылы “Мобильді консультациялық пункт” атты жаңа жоба енгізілді.
Жобаның міндеті – еңбек ұжымдарының жұмыскерлерін жұмыс орындарында еңбек және зейнетақы заңнамасының, жәрдемақылар туралы заңнаманың ережелері, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат алу мүмкіндігі, Қазақстан Республикасында қабылданатын заңнаманың барлық новеллалары туралы тікелей хабардар ету, жұмыскерлерде туындаған проблемалық мәселелер бойынша заңгерлік кеңес беру.
Еңбек ұжымдары қызметкерлерінің сұрақтарына “Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті” ММ басшысы Е.Губарев, “Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру бөлімінің бастығы А.Мұқатова, “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ Павлодар облыстық филиалының басшысы В.Питраков, “Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ филиалының басшысы А.Капенова, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы М.Иванова жауап берді.
Жұмыс істеу кезеңінде мобильді кеңес беру пункті кәсіпорындарда еңбек ұжымдарымен кездесті, ZOOM платформасын пайдалана отырып, жұмысқа және жұмысқа баратын жол бойынша арнайы трамвайда өңір азаматтарына консультациялық-түсіндіру қолдауын көрсетті, қолданыстағы заңнамадағы өзгерістер туралы 10 000-нан астам жұмыскерді хабардар етті.
23 желтоқсанда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова “Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ филиалының басшысы Айгүл Әбутәліпқызы Қапеноваға алғыс хат табыс етті.
“Қолданыстағы заңнаманы белсенді түсіндіре отырып, “Мобильді кеңес беру пункті” жобасының қатысушылары әрбір қызметкерге заңнамалық актілердің мазмұнын тікелей жұмыс орындарында жеткізуге ықпал етеді, олардың назарын қолда бар құқықтар мен мүмкіндіктерге аударуға көмектеседі”, – деді Д.Айтжанова ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.