Шахмат турнирі қорытындыланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде 2021 жылғы 3-10 желтоқсан аралығында Республиканың барлық өңірлерінде шахмат турнирлері өткізілді.

Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында шахматтан республикалық онлайн турнир өтті. Онлайн турнирді “SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ “Қазақстан шахмат федерациясы” РҚБ бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараның ашылуында кәсіподақ төрағасы С.Дүйсенов және “Қазақстан шахмат федерациясының” вице-президенті М.Есенов барлығын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, мемлекетіміздің барлық азаматтарына гүлдену, бірлік, шығармашылық жұмыс және табыс тіледі.

Турнир бастамашыларының басты міндеті – әлемдік пандемиямен байланысты қиын уақытта дәрігерлерді қолдау және ынталандыру болды.

60-тан астам мықты шахматшылар онлайн-турнирге қатысты. Қатысушылар арасында әуесқой шахматшылар да, II, I разрядты шахматшылар да болды.

Турнир ФИДЕ шахмат ойнының халықаралық ережелері бойынша, швейцарлық жүйе бойынша өткізілді және 7 турдан тұрды.

Турнирдің төрешілер алқасы мен анти-Читерлік комиссиясы әділ ойын және Fair Play ережелерін сақтау мәніне қатысушыларға тұрақты мониторинг жүргізді.

Батыс Қазақстан филиалынан БҚО әкімдігі ДСБ “Облыстық фтизиопульмонология орталығы” ШЖҚ МКК анестезиолог дәрігері Ертарғын Нығметов, БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ “Көпбейінді қалалық аурухана” МКК қабылдау бөлімінің меңгерушісі Еркенжан Асауов, ШЖҚ “Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы” МКК санитары Гүлрайхан Жасұланқызы қатысты.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 600 000 теңгені құрады.

Ойын қорытындысы бойынша республикалық онлайн турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.