Кәсіподақ төрағасы бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесті

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова 2021 жылғы 17 шілдеде Павлодарда ашылған эко-ойыншықтар өндірісі бойынша бірінші ағаш шеберханасының жұмысшыларымен кездесті.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі, әлеуметтік кәсіпкер, “Green TAL” әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы және басшысы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Эмин Әскеровтың, “ERG” компаниясының, “Торайғыров университеті” КЕАҚ-ның, “Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Павлодарда “GreenTAL” әлеуметтік кәсіпорнының бірінші өңірлік филиалының ашылу рәсімі өтті. “Дәл осы Павлодарда біз пилоттық жобамыздың барлық деңгейдегі қолдауын сездік”, – деп атап өтті Эмин Әскеров 2021 жылғы 23 желтоқсанда өткен жастар саясаты жөніндегі кеңестің облыстық отырысында.

Қазіргі уақытта “Green Tal” әлеуметтік шеберханасында мүгедектіктің екінші және үшінші топтары бар төрт адам жұмыс істейді, олар ағаштан оннан астам ойыншықтар шығарады – конструкторлар мен құстар үйі бөлшектелген түрде сатылады, сондықтан бала қол моторикасын дамытады.

Құс үйі экологиялық таза бояумен және нұсқаулықпен бірге сатылады, оған сәйкес бала ата-анасымен бірге құс үйін оңай жинап, оны өз қалауы бойынша бояйды. Павлодар ағаш шеберханасы цехының басқарушысы Сәкен Әбдірахымсейітов цех жұмысшылары электр құралдары бар ағаш өңдеу станоктарында жұмыс істеу бойынша тегін оқудан өткенін айтты.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері әлеуметтік шеберхананың еңбек ұжымын келе жатқан жаңа жылдық мерекелермен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

“Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді жеңілдетуге бағытталған қызмет. Павлодар облысының кәсіподақтары өндірісте жарақат алған мүгедектерге жұмыс орындарын ұсыну бойынша әлеуметтік жобаларға белсенді қолдау көрсетті”, – деп атап өтті Д.Айтжанова.