Павлодарда “Ертіс дарыны-2021” жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды

Павлодар облысының әкімі Б.Сқақовтың қатысуымен түрлі қызмет салаларында ерекшеленген “Ертіс дарыны-2021” жастар сыйлығының жиырма бір лауреатын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл облыс жастары арасында сыйлық тағайындау конкурсы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, өңірде үшінші рет өткізілді. Сыйлықтар он номинация бойынша берілді: “Мәдениет”, “Спорт”, “Кәсіпкерлік”, “Өндіріс қызметкері”, “Қоғамдық қызмет”, “Медицина”, “Медиа”, “Ерлігі үшін”. Биыл алғаш рет “Бірлігі жарасқан” номинациясы тағайындалып, оған жастар ұйымдары мен ұжымдарының өкілдері қатысты. Жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрады. Сыйлыққа 14-28 жас аралығындағы жастар үміткер болды.

“Өндіріс қызметкері” жеке номинациясы бойынша бастапқыда жас өндіріс қызметкерлерінен 13 өтінім берілді.

Конкурстық комиссияның шешімі бойынша “Өндіріс қызметкері” номинациясының лауреаттары болып “Павлодар мұнай – химия зауыты” ЖШС инженері Асқар Қаныбекұлы Нұрғалиев, “Мұнай өңдеуші” жергілікті кәсіподақ” ҚБ мүшесі және “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ инженері Арай Дулатқызы Мадирова белгіленді. Байқау комиссиясы лауреаттардың білім, шығармашылық, рационализаторлық және инновациялық бастамаларының жоғары деңгейін, өзіндік авторлық өнертабыстарының болуын атап өтті. Лауреаттарға “Ертіс дарыны-2021” жастар сыйлығының лауреаттарының дипломдары және 500 000 теңге сертификаттар табысталды.