“Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы” ҚБ Атқару комитеті көшпелі кездесу өткізді

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы” ҚБ атқару комитетінің мүшелерімен кездесті.

Іс-шараға “Павлодар облысы бойынша «Қазақкәсіпметалл» тау-кен металлургия салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова, “Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев, “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Клименко қатысты.

Кездесуге қатысушылар еңбекті қорғау жөніндегі 103 техникалық инспектор жүзеге асыратын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық бақылау, келісу комиссиясы құрамындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарын құқықтық қорғау, әлеуметтік әріптестік мәселелерін дамыту мәселелерін қарады.

Спикерлер ретінде “Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы С.Михайлюк, Еңбекті қорғау жөніндегі аға техникалық инспектор П.Скворцов сөз сөйледі.

“2021 жылы “Богатырь Көмір” ЖШС-де өндірісте 5 жазатайым оқиға тіркелді, оның біреуі өліммен аяқталды, үшеуі ауыр және бір жағдай бойынша денсаулыққа жеңіл зиян келтірілді. “Богатырь Көмір” ЖШС өндірістік кеңесі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс беруші мен кәсіподақтан тепе-тең негізде 9 адамнан құрылды.

2021 жылы өндірістік кеңестің отырыстары өткізілді, онда арнайы киімдерді есептен шығару рәсімін әзірлеу, өндірістегі жазатайым оқиғаларды талдау, өз еңбек міндеттерін адал орындайтын, еңбек қауіпсіздігі бойынша тексерулер жүргізуге белсенді қатысатын жұмыскерлерге сыйлықақы беру бюджетін ұлғайту мәселелері қаралды, анықталған бұзушылықтарды егжей-тегжейлі талдай отырып, аға техникалық инспектордың баяндамасы тыңдалды.

Кәсіпорында қоғамдық бақылауды 103 техникалық инспектор орындайды, олар 11 ай ішінде 4596 тексеру жүргізді, нәтижесінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын 7550 бұзушылық анықталды. 2016 жылдан бастап 55 техникалық инспектор ведомстволық наградалармен, құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды”, – деді П.Скворцов.

“Батыр Көмір” жергілікті кәсіподағы” ҚБ төрағасы келісім комиссиясының жұмысы туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Д.Айтжанова атқару комитеті мүшелерінің сұрақтарына жауап берді, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің стратегиясын орындау шеңберінде Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ағымдағы қызметі туралы айтып, қатысушыларды 2022 жылды әлеуметтік әріптестікті дамыту жылы ретінде өткізу туралы таныстырды.