Жан қорғаны – дәрігер

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы” ШЖҚ РМК Павлодар қаласындағы филиалының ұжымы құрылғанына 20 жыл толуын атап өтуде.

Бұл – психиатрия, психотерапия және наркология саласында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсынатын ірі орталық. Орталық 20 жыл бойы профилактикалық, консультациялық-диагностикалық, емдік және медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.

Алғашқы жылдардан бастап психобелсенді заттарға тәуелді профилактика, емдеу және оңалту саласында қызмет ететін жетекші әлемдік агенттіктермен, ұйымдармен, қорлармен байланыс орнатуға ерекше көңіл бөледі. Орталықта жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар жұмыс істейді, олар – ғылыми қызметкерлер, практикалық дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер.

Орталықтың өткен онжылдықтардағы барлық қызметі наркологиялық немесе өзге де химиялық тәуелділігі бар адамдарға көмектесуге, сондай-ақ барлық ресурстық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, осы нақты және ауқымды қауіп-қатерге қарсы іс-қимылдың барабар жүйесін құруға бағытталған.