Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында кәсіподақ қолдауымен спорттық шара өтті. Оған барлық білім беру ұйымдарынан 10 команда қатысып, тоғызқұмалақ, шахмат, теннис, волейбол, кіші футболдан ерлер және қыздар командалары болып сынға түсті.
Педагогтар спорттың қай түрінен болмасын өздерінің шеберліктерін танытып, спартакиаданың тартысты өтуіне күш салды.
Сайыс қорытындысы бойынша жекелеген спортшылар дипломдармен марапатталды.
Үздік шыққан үш командаға аудандық кәсіподақ ұйымының тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді.