Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Баязит Құдайбергенұлын еске алуға арналған “Атажұрт: білімділер мен жігерлілер” атты шахмат турнирі өтті.
Мақсаты – ауданның білім саласына 20 жылдан астам басшылық жасап, дамып-көркеюіне зор үлес қосқан ұлағатты ұстаз Б.Құдайбергенұлының игі істерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету.
Жарысқа қатысушыларды аудан әкімі Д.Ермағанбетов құттықтап, сәттілік тіледі.
Сайысқа белсене қатысып, жүлделі орынға ие болған ұстаздар мен оқушыларды аудан әкімінің орынбасары Н.Нажмадинов, білім бөлімінің басшысы Б.Сейілханов және кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов құттықтап, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.