Павлодар: Жылдық жұмыс қорытындыланды

2021 жылғы 28 желтоқсанда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің отырысына салалық, жергілікті кәсіподақтар бірлестіктері филиалдарының төрағалары және әлеуметтік әріптестер қатысты.

Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова 2021 жылғы қызметінің негізгі қорытындыларымен таныстырды. “Өңірде қоғамдық кәсіподақ қызметін “Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ, 17 салалық кәсіподақ қоғамдық бірлестіктері, 1230 бастауыш кәсіподақ ұйымдары жүзеге асырады, оларда кәсіподақ мүшелерінің саны 135 мыңнан астам адамды құрайды. Павлодар облысында өңірдің әрбір үшінші тұрғыны кәсіподақ мүшесі болып табылады. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылында кәсіподақтардың жұмысы кәсіподақ құрылымындағы негізгі буын – бастауыш ұйымның басымдығына негізделді.

600-ден астам адамды қамти отырып, еңбек ұжымдарымен 34 кездесу өткізілді, 6 кездесу Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы басшылығының қатысуымен өткізілді.

Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі практикалық жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша оқыту іс-шаралары мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға ерекше назар аударады. Жыл сайын оқыту іс-шараларының саны мен сапасы жаңа жоғары деңгейге көтеріледі. Егер 2020 жылы 1700 қызметкер оқумен қамтылса, 2021 жылы 8500 қызметкер оқытылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен төрт есе артық. 2021 жылдың 9 сәуірінде 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу туралы облыстық келісімге қол қойылды. Есепті кезеңде өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жалақы бойынша берешек мәселелерін қараған әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның 10 отырысы өткізілді.

Қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың негізгі құралы Ұжымдық шарт болып табылады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды ұжымдық шарттармен қамту 6332 (96,9%) құрады. Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз-2021” республикалық конкурсында “Үздік ұжымдық шарт” номинациясы “ЕRG Servise” ЖШС кәсіпорнына берілді. Павлодар облысының кәсіподақ ұйымдарының қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында өз уақытында жарияланады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз қызметін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы үздік деп таныды”, – деп атап өтті Д.Айтжанова.

Екінші мәселе бойынша Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуласу орталығының басшысы М.Иванова сөз сөйледі. “Әрбір кәсіподақ ұйымында бірінші кезектегі міндет еңбек ұжымындағы тұрақты жағдай, жанжалдарға жол бермеу, оларды соттан тыс және сотқа дейін шешу құралдарына ие болу болып табылады. Жеке еңбек дауларын шешуде келісім комиссиясы ерекше орын алады. Кәсіподақ өкілдері тепе-тең негізде қатысатын келісім комиссияларының отырыстары аясында 2021 жылы 52 өтініш қаралды, оның ішінде келісім комиссиясы сатысында 35 өтініш, сотта 6 өтініш толық қанағаттандырылды. Облыстық сотпен ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2018 жылдың наурыз айынан бастап татуласу орталығы құрылды. 2021 жылы ұсынылған консультациялардың жалпы саны 2117 құрады, 112 татуластыру рәсімі өткізілді”, – деді спикер.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының “Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін” медалімен Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің татуласу орталығының басшысы Марина Иванованың еңбегі атап өтілді.

Салалық, жергілікті кәсіподақ бірлестіктері филиалдарының төрағалары кәсіптік бірлестіктердің еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бірыңғай жасампаз жұмысын атап өтті.