Ақтөбе облысы Темір аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының жылдық жоспары бойынша кәсіподақ көшбасшысы Назгүл Сәбенова және аудандық білім бөлімінің басшысы Жұмагерей Наурызғали Кенкияқ, Шұбарши орта мектептерінде болды.
Білім ордаларының ұжымымен кездесіп, “Педагог мәртебесі”, келісім комиссиясының жұмыстары туралы жан-жақты түсінік беріп, ұжымдық шарттың орындалуы, ішкі еңбек тәртібі т.б құжаттарды қарап шықты. Кездесу барысында аудандық кәсіподақ ұйымының мақсат-міндеттері, атқарылып жатқан жұмыстары баяндалды.