Жыл сайын “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1” ЖШС-де Энергетик күніне орайластырылған дәстүрлі “Үздік мамандық иесі” байқауы өткізіледі. 2021 жылы бұл конкурс 2-15 желтоқсан аралығында келесі мамандықтар бойынша қызметкерлер арасында өткізілді:
– Электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі аға электр монтері;
– Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электр слесарі;
-Машинист-қараушы (қазандық және турбина жабдығы бойынша);
– Энергоблоктың аға машинисті;
– Жөндеу жөніндегі слесарі;
– Электргазбен дәнекерлеуші;
Байқаудың әр номинациясы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Конкурстың негізгі мақсаты қызметкерлердің біліктілігін, қызметкерлердің кәсіби сапасын арттыру, серіктестіктегі жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіби құзыреттілігін тану болып табылады.
Конкурс қызметкерлердің кәсіби біліктері мен дағдыларын жетілдіруге, конкурсқа қатысушылардың жетістіктері мен озық тәжірибесін насихаттауға, одан әрі кәсіби өсуін, бастамашылдығы мен іскерлік белсенділігін ынталандыруға, мамандыққа шығармашылық қатынасты қалыптастыруға бағытталған.
Бас директордың төрағалық етуімен комиссия мүшелері бас инженердің, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы мен кәсіподақ комитеті төрағасының қатысуымен қатысушылардың тапсырмалардың барлық кезеңдерінің дұрыс және қауіпсіз орындалуын қатаң және сауатты бағалады.
Өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша комиссия әр номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады.
Конкурс жеңімпаздарын марапаттау 2021 жылғы 22 желтоқсан күні салтанатты түрде өтті. Әр номинацияда бірінші орын алған жеңімпаздар дипломмен және 50 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар, сондай-ақ номинациялардағы жеңімпаздардың тікелей жетекшілері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.