Сайысқа мектеп ұжымы, яғни, әдістемелік бірлестіктер мен кіші қызметкерлер қатысты.
Эстафета 10 турдан тұрды. Қатысушыларға арқан тарту, жылдамдыққа жүгіру, допты алып мәреге бірінші жету сынды талаптар қойылды. Білім ордасының қызметкерлері сайысқа өздерінің жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі I орынды “Жас қыран” жаратылыстану-математикалық бағыттағы бірлестік мұғалімдері иеленді. ІІ орын “Сұңқар” кіші қызметкерлер командасына, ІІІ орын “Улыбка” бастауыш мұғалімдер тобына бұйырды. Жеңімпаздарға алғыс хат пен медальдар табыс етілді.