Қызылордада облыстық ветеринариялық бақылау инспекциясы жылды қорытындылады

Қызылордада облыстық ветеринариялық бақылау инспекциясы жылды қорытындылады. Еңбек ұжымындағы жиынға «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы» Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Толыбай Жүсіпов қатысты.

Жыл бойы атқарылған жұмыс нәтижесіне сіңірген еңбектері үшін қызметкерлерге алғыс білдіріліп, алдағы жұмыстарға сәттіліктер тілеген жиын барысында бірқатар кәсіподақ белсенділері марапатталды.

Салалық кәсіподақтың облыстық филиалы төрағасы Толыбай Жүсіпов республикалық бірлестіктің марапаттарын табыстап, ұжымды жаңа жыл мерекесімен құттықтады.