ҚР Кәсіподақтар федерациясы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады

Елімізде орын алған қайғылы оқиғалардың салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Осынау қиын күндерде барша халықпен бірге қайғырамыз. Бұл қайтыс болғандардың жақындары үшін ғана емес, бүкіл қазақ қоғамы үшін орны толмас ауыр қаза.

Біз Қазақстанның конституциялық құрылымын қорғау және қарапайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қасиетті борышын өтеу кезінде жанын қиған құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің ерлігін аса құрметтейміз.

Осынау қиын-қыстау күндерде еліміздің барша азаматтарын сабырлық сақтауға, заңды қатаң сақтауға, өзара қолдау көрсетуге және құқықтық тәртіп орнатуға және бейбіт өмірге тезірек оралуға барынша көмек көрсетуге шақырамыз.

Тек ынтымақ, түсінушілік және жасампаздық арқылы ғана біз халқымыздың тарихындағы бұл ауыр кезеңнен өтеміз.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы

С.Дәулеталин

10 қаңтар 2022 ж.