«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жасаған мәлімдемесіне қатысты өз пікірін білдірді:
«Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген күрделі мәселелердің барлығынан хабардар екендігін көрсетті. Ол өзінің елдегі ахуалды толық білетіндігін және оны халықпен бірлесе отырып шеше алатын саяси күш-жігерін айқын танытты. Еліміздегі жағдайды жедел сауықтырып, түбегейлі реформалар қажет ететін салаларды жіктеп өтті. Соның ішінде Еңбек адамының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жасартуға, елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға бағытталған өзгерістерді жетілдіру туралы бастамаларын толықтай қолдау танытамын. Осындай стратегиялық реформаларды қабылдап, бірқатар жаңа кадрлар тағайындауы да уақытында қабылданған шешім деп санаймын».