“Мемлекетіміздің тұтастығы мен бірлігі – басты мақсатымыз”

“Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы” ҚБ Ақтөбе ОФ төрағасы Н.Табельдинова: “Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысындағы жаңа ұсыныстары біздер, кәсіподақтар жетекшілері үшін ерекше маңызды деп ойлаймын.

Біз, еліміздің кәсіподақтары елдің тұрақты дамуының, әлеуметтік тұрақтылық пен қатардағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерінің, яғни еңбек адамдарының құқықтарын тиімді әрі жүйелі қорғаудың кепілі ретінде Қ.Тоқаевтың бастамаларын толық қолдаймыз.

Әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсарту және жұмыс беруші тарапынан қызметкерлердің құқықтарын бұзуға жол бермеу үшін барлық күш-жігеріміз бен білімімізді жұмсаймыз. Президенттің мәдениет, спорт және білім беру саласын дамытуға тағы да ерекше көңіл бөлгені – біз үшін өте қуанышты жағдай. Өйткені, кез келген ел өнерімен, мәдениетімен, спорттық жетістіктерімен танылып, бағаланатыны анық. Жылдар бойы жинақталған әлеуметтік-экономикалық проблемалар жақын болашақта өз шешімін табатынына сенімдіміз.

Бүгінде ел Президенті қабылдап жатқан және оларды шешуге бағытталған барлық кешенді шаралар мен реформалар қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсартып, оң өзгерістеріне үлкен үміт береді. Біздің күшіміз – Бірлікте!”