«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ Үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен онлайн форматта үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақтар мен жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақ активі қатысты.

Күн тәртібінде «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тапсырмаларының орындалуы, жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдау үшін ҚР Кәсіподақтар федерациясына негізді ұсыныстар енгізу, төтенше жағдай кезеңінде зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін қызметкерлердің біркүндік еңбекақысын аудару, 2022 жылды “Әлеуметтік әріптестік жылы” деп жариялануына байланысты ҚРКФ 2022 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарына қосу үшін іс-шараларды өткізу жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Көрсетілген мәселелер бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз алып, Кеңес мүшелерінен бірлестік тарапынан жолданған тапсырмаларының орындалуын және уақтылы мәлімет беруін сұрады.

Сондай-ақ, келесі мәселе бойынша ҚРКФ бастамасымен ұйымдастырылған дағдарыс кезінде зардап шеккен азаматтарға кәсіподақ қызметкерлерінің біркүндік жалақыларын аудару туралы шешім Кеңес мүшелерімен бірауыздан қабылданды.

Кезекті мәселе бойынша 2022 жыл “Әлеуметтік әріптестік жылы” деп жарияланды. Осыған байланысты қазіргі уақытта Федерация деңгейінде 2022 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспары жасалуда. Онда жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу және де басқа мәселелер қарастырылған.